Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Түркістандық балғындар шырша тойын тойлады

25.12.2018 | 13:42
Түркістандық балғындар шырша тойын тойлады

Түркістан қаласы әкімдігі 70 балғын балаға жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырды. Балалар мерекелік шарада Мемлекет басшысының құттықтауын тыңдап, мерекелік қойылымдар тамашалады. Жаңа жылдық сыйлықтар алды. Ал, балалардың қуанышын еселеген шарада қала әкімі Ә.Өсербаев жаңа жылды күткен жеткіншектерді мерекемен құттықтап, білім саласында өскелең ұрпақ үшін жасалып жатқан бірқатар жетістіктерге тоқталды: «Тәуелсіздік алған уақыттан бері Түркістан қаласының өзінде 38 мектеп ғимраттары салынып, 58 балабақша ашылды. Сол сияқты мектептерн балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізу, заман талабына сай білім беру үшін мектеп базасын жақсарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Жаңа «Отырар» мөлтек ауданның кішкентай тұрғындары үшін 280 орындық бала бақша пайдалануға беріліп, 900 орындық мектеп құрылысы бой көтерді.

Білім саласында оң өзгерістер мен жаңашылдықтар көп. Биылғы жылы қаламыздағы мектептер интернет желісіне толықтай қосылып, 100 пайыз мектептердің электронды күнделік жүйесімен жұмыс жасауы жолға қойылды. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 7 218,0 мың теңге қаралып, қаламызда «ІТ» сыныптары жабдықталып, іске қосылып, оқушылардың сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашылды. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының берген жемісі. Жалпы қала бюджетінің 50 пайыздан астамы білім саласына бағытталған.
Жаңа жылдың басты символы саналатын шырша маңы бейнебір ертегі әлемін көзге елестеді. Себебі, ақ сақалды аяз ата мен қарша қыз және ертегі кейіпкерлері бәрі-бәрі осында. Шара кезінде олар, балғындарды ертегі әлеміне саяхат жасатты.

Мерекелік шараға қатысқандардың дені әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың балалары. Олардың қатарында қаладағы №15 мектептің оқушысы өнерлі қобызшы қыз республикалық байқаулардың жеңімпазы Халикбердиева Шадиана да бар.

Жаңа жылдық кештің қуанышын қала әкімі Ә.Өсербаевтың баларларға жасаған мерекелік сый-сияпаты еселей түсті.

1545806554233971

 
Көрілді: 934
Жаңартылған: 26.12.2018 | 13:57
Категориялар: Өңір