Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді

22.11.2018 | 20:01
Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді

Кез-келген мемлекет тезірек дамып, өркендеу үшін заңсыздықтармен қатаң күреседі. Заң қатал, талап темірдей болған кезде ғана өрлеу болады. Көбінесе дамуға түрлі қылмысқа бейім адамдар кедергі келтіріп жатады. Ондай адамдарға заң шеңберінде аяушылық болмау керек. 

Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Сайрам аудандық ІІБ басшысы, полиция полковнигі Е.Әбдіраманов ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Есепті кездесуге аудан әкімі Б.Мамаев қатысты. Мұнда полиция полковнигі жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерді қаз-қатар тізді. 

Сонымен, биылғы 10 айда аудан аумағында жалпы қылмыс деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,7% азайған. Біле білсек, бұл айтарлықтай жетістік.

Жыл басынан ішкі істер басқармасының 102 телефонына 7975 хабарлама келіп түссе, тексеру нәтижесімен 5288 хабарлама бойынша қылмыстың құрамның болмауына байланысты нарядтар папкасына шығарылған. 

10 айда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде автокөлікті мас халде басқарған 45 тұлға анықталса, жол жүру ережесін бұзған 94 азамат көлік жүргізу құқығынан айрылған. Бұл өз кезегінде жол апатын азайтуда зор рөл атқарады.

Есеп беру кездесуінде ішкі істер басқармасы жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды. Басқарма ұсыныстарды қабыл алып, тұрғындармен бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Яғни, тұрғындар қылмыстың алдын-алуда басқармаға тиісті деңгейде көмек беретін болды.

 
Көрілді: 735
Жаңартылған: 27.11.2018 | 20:02
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір