Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Түркістанның шекарасы өзгереді

22.11.2018 | 19:55
Түркістанның шекарасы өзгереді

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР кейбір конституциялық заңдарына әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Конституциялық заң жобасы ұсынылды. Заң жобасын талқылау барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленовтен жаңа мәртебесіне байланысты «Шымкент қаласы мен Түркістан облысының шекаралары өзгере ме?» деп сұрады.  

– Әрине, өзгерістер бар. Шымкент және Түркістан қалаларының мәртебелері көтерілді. Түркістан қаласы бойынша жаңа Бас жоспар әзірленуде. Шымкент қаласы бойынша қолданыстағы Бас жоспарды түзету жоспарланып жатыр. Тағы да егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары қажеттілігіне қарай жүргізілетін болады. Облыс пен қала шекараларына келер болсақ, Түркістан облысы мен Шымкент қалаларының шекаралары Үкімет қаулысымен бекітілген. Сонымен бірге Түркістан қаласынан 12 ауылдық округ Кентау қаласына берілді. Бұл Үкімет келісілген облыс әкімдігімен, облыс шешімімен бекітілді, – деді Руслан Дәленов.

Осылайша, Түркістан облысының  шекарасы нақтыланып, даму жоспары өзгеше қарқын алмақ. Ал, Түркістан қаласынан 12 ауылдық округтің Кентауға берілуі – қаланың дамуын тездетеді. Түркістан қаласы қысқа мерзімде аяғынан тік тұрып, республикадағы алдыңғы қатарлы қалалар қатарына қосылатын болады. 

 
Көрілді: 813
Жаңартылған: 27.11.2018 | 19:55
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір