Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Басты назарда - тұрғындардың қауіпсіздігі

22.11.2018 | 19:44
Басты назарда - тұрғындардың қауіпсіздігі

Бүгін Түркістан облысы, Ордабасы ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Селтанов Бауыржан Сапарұлы заңдылықты қамтамасыз ету мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстардың тиімділігі туралы есеп берді. Бұл жөніне аудан әкімінің баспасөз қзыметі хабарлайды.

Баяндама барысында биыл атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарға тоқталды. Он айда аудандығы қылмыс деңгейі төмендеген. Жалпы 447 қылмыс тіркеліп, былтырғымен салыстырғанда 7,6 пайызға кеміген. Қылмыстың ашылу деңгейі жоғарылаған. Денеге жарақат салу, қарақшылық, зорлау, алаяқтық қылмыстары 100 пайыз ашылған.

Есепті жиналыс барысында облыстық полиция департаменті жедел жоспарлау басқармасының басшысы Тәжиев Әбдуәлі облыстағы құқық бұзушылық көрсеткіштері жөнінде сөз қозғады. 

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтың дені мал ұрлығына қатысты болды. Бауыржан Сапарұлы барымташылардың малды көбіне жайылымнан айдап кететінін айтып, ордабасылықтарды төрт түлікті қараусыз қалдырмауға шақырды. 

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Үсенбаев аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жетілдіру барысында тұрғындардың ұсыныс-тілектері назарға алынуы қажеттігін тілге тиек етті, сондай-ақ, тұрғындардың да қауіпсіздікті сақтау жауапкершілігін ұмытпағаны жөн екенін айта келе, жиынды қорытындылады.

 
Көрілді: 747
Жаңартылған: 27.11.2018 | 19:45
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір