Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

16 жастағы қазақстандық қыз семсерлесуден Азияның қола жүлдегері атанды

19.10.2018 | 12:26
16 жастағы қазақстандық қыз семсерлесуден Азияның қола жүлдегері атанды

Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 16 жастағы Софья Николайчук шпагадан қола жүлде жеңіп алды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Айбике Хабибуллина аталған додада бас жүлдені қанжығасына байласа, Әйгерім Сарыбай күміс медальге қол жеткізген болатын.

Қазақстан қоржынында әзірге 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде бар.

 
Көрілді: 700
Жаңартылған: 19.10.2018 | 12:28
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір