Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Теннис: Путинцева Мәскеу турнирінің екінші айналымына шықты

16.10.2018 | 10:30
Теннис: Путинцева Мәскеу турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық спортшы бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 53-інші орында тұрған румыниялық Ирина Бегумен кездесті.

Ю.Путинцева бірінші партияны 6:2 есебімен ұтса, екіншісінде қарсыласын 6:0 есебімен талқандады. Ол 11 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.

Матч 1 сағат 9 минутқа созылды.

«Кремль кубогы» турнирінің ширек финалына шығу үшін Ю.Путинцева осы жарыстың бесінші ракеткасы болып тіркелген, рейтингте 11-інші орында тұрған латвиялық Анастасия Севастовамен күш сынасады. 

Жүлде қоры 932 866 АҚШ долларын құрайтын турнир 20 қазан күні мәреге жетеді. Өткен жылы Мәскеуде финалда ресейлік Дарья Касаткинаны 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірген германиялық Юлия Гергес жеңімпаз атанған болатын. Биыл сайысқа әлемнің 1-інші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп бастаған теннисшілер қатысуда.

Айта кетейік, ерлер арасындағы Мәскеу турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның - бірінші, әлемнің 73-інші ракеткасы Михаил Кукушкин ресейлік, рейтингте 105-інші сатыда тұрған Евгений Донскоймен шеберлік байқасады.

 
Көрілді: 776
Жаңартылған: 16.10.2018 | 10:32
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір