Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Электронды қызметті дамыту - сыбайлас жемқорлықты жою

14.10.2018 | 23:23
Электронды қызметті дамыту - сыбайлас жемқорлықты жою

Жәрмеңкенің мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру болды. Электронды қызмет дамыған кезде сыбайлас жемқорлық өз-өзінен жойылады. Аталған департамент осындай қызмет түрлерін дамыту арқылы коррупция ұғымын жоюды басты назарға алып отыр. 

Жәрмеңкені ұйымдастырушы департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы ашып, өз сөзінде - демократиялық құндылықтарға негізделген Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен сыйыспайтынын және осы жолда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде жүргізуге көшіру өзектілігін ашып айтты. Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді және 20-дан аса адам мобильдік ХҚКО арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алды. 

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі, қызмет алушылардың құқықтары туралы насихаттық жұмыстар жүргізіліп, 1000-нан аса брошюралар таратылды. Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында электрондық қызмет алу бойынша оқудан өткен азаматтарға арнайы сертификаттар тапсырылды. 

Осылайша, үш мекеменің бірлесе ұйымдастырған жәрмеңке жұмысы оң нәтижесін беріп, қатысушылар көңілінен шықты.

 

 
Көрілді: 974
Жаңартылған: 14.10.2018 | 23:23
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір