Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Атырауда қала күніне орай 20 жаңа автобус пайдалануға берілді

07.10.2018 | 13:44
Атырауда қала күніне орай 20 жаңа автобус пайдалануға берілді

Осылайша, Атырауда қоғамдық көлік тұжырымдамасын іске асыру басталды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін Атырауға тағы 80 жаңа автобус келеді.

"Жоба инвесторлардың қаржысымен жүзеге асуда, мемлекет тек кәсіпкерге лизинг шеңберінде автобустар сатып алуға бөлінген несиеге субсидия төлейді. Жаңа қоғамдық көлікте электронды билет жүйесі орнатылған. Жаңа автобустар № 14 маршрутқа беріледі, себебі қаладағы ең көп күш салынатын осы бағыт болып тұр, қалған бағыттар кейін жаңаланады",-дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи.

Айта кетейік, "Deo -217" маркалы жаңа автобустар 21 орындық, 2 орын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған және тұрып тұруға арналған 75 орны бар. Қоғамдық көлік ұзындығы - 11 метр.

"Бүгінгі біздің басты міндетіміз қоғамдық көліктегі жаңа тұжырымдаманы жүзеге асыру болып табылады, бұл мәселе облыс әкімінің бақылауында. Электрондық билеттерді енгізумен қатар біз бюджеттегі салық түсімдерін көбейтуге, жолаушылар тасымалы жүйесін өзгертуге, қолданыстағы қоғамдық көліктердің жай-күйін жақсартуға және жаңадан сатып алынған көліктерді жақсы жағдайда ұстауға ниеттіміз. Бұдан бөлек, қайта құру мен кеңейтуге көшкен көшелерде 23 жаңа аялдама орнаттық, келесі жылы 254 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолын салуды жоспарлап отырмыз",- дейді қала әкімі Алимұxаммед Құттұмұратұлы.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың мамыр айында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірлік ҮЕҰ-мен кездесу кезінде облыс орталығында қоғамдық көліктің жетіспеушілігі жақында шешімін табатынын айтқан болатын. Атырау қаласында 15 қыркүйектен бастап пилоттық режимде жаңа электрондық билеттер жүйесі іске қосылды, 6 қазанда қаланың автопаркі 23 жаңа автобуспен толтырылды. 2018 жылы жыл соңына дейін жаңа 80 автобус сатып алынады.

 

 
Көрілді: 419
Жаңартылған: 08.10.2018 | 13:47
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір