Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

10 жыл күткен күміс. Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының жүлдегері

03.10.2018 | 13:23
10 жыл күткен күміс. Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының жүлдегері

Рыпакова 2008 жылғы олимпиадада үш қарғып секіруде төртінші орын алған еді. Алайда, кейін күміс және қола алған спортшылар - грекиялық Хрисопия Деветци мен ресейлік Татьяна Лебедеваның сынамасынан допинг табылып, олимпиада медальдерінен айрылған.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) Ольга Рыпакованы 2008 жылғы Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері деп таныды.

Ольга Рыпакова Азия ойындарының бірнеше мәрте жеңімпазы, әлем және Азия біріншіліктерінің жүлдегері, 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың чемпионы, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиаданың қола жүлдегері.

 

 
Көрілді: 501
Жаңартылған: 08.10.2018 | 13:35
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір