Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Алматыда жыл басынан бері 12 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды – ІІД

01.10.2018 | 10:50
Алматыда жыл басынан бері 12 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды – ІІД

Жыл басынан бері мегаполис көшелерінде болған жол көлік оқиғасының 1 440-ы жаяу жүргіншілерді қағып кету бойынша тіркелген. Нәтижесінде 57 адам қаза тауып, мыңнан аса жүргінші жарақат алған. Жол көлік оқиғасының 38-іне жаяу жүргіншілердің өзі себепші болған.

«Қала жолдарындағы жағдай бұрынғыдай шиеленіскен күйінде қалып отыр, оның үстіне өз өмірі мен өзгенің өміріне қауіп төндіретін салғырт жаяу жүргіншілер жол ахуалын одан ары ұшықтыруда. Осы жағдайды ескеріп, қазір қала жолдарында «Жаяу жүргінші» алдын алу шарасы өткізілуде. Статистикалық сандарға көз жүгіртсек қаладағы жаяу жүргіншілердің ережені сақтау деңгейі төмен екендігін байқаймыз. Тек екі күн ішінде 368 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Жыл басынан бері 12 мың 242 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған», -дейді Алматы қаласы ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мураталиев.

Сондай-ақ, көлік жүргізушілердің бұрылыстан өту мен жаяу жүргінші жолақтарында ережені сақтауын қадағалау күшейтілген.

 

 
Көрілді: 431
Жаңартылған: 02.10.2018 | 10:52
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір