Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі ұлғайды

11.09.2018 | 10:29
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі ұлғайды

Ведомство басшысы атап өткендей, елдегі үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру 35,8 млн тоннаны құраған. Соның ішінде, Қашағанда 8,4 млн тонна, Қарашығанақта 8,4 млн тонна және Теңізде 19 млн тонна өндірілген.

«2018 жылдың сегіз айында отын-энергетика кешенінің негізгі көрсеткіштері оң өсім көрсетіп тұр. Мұнай мен газ конденсатын өндіру шамамен 60 млн тоннаға жетіп, 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 5,3% артық болып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстанның мұнай экспорты 2018 жылдың 8 айында 48,4 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың балама кезеңіндегі көрсеткіштен 5,2% жоғары. Мұнайды қайта өңдеу көлемі 10,43 млн тоннаға жетіп, 4% өсім көрсетсе, үш МӨЗ-дегі мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 7,3 млн тонна болып, 2,8% өсімге жеткен.

«Жалпы, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты және нарықта жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды. 10 қыркүйек күні мұнай базаларындағы ЖЖМ қалдығының көлемі ішкі нарықтағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін жеткілікті», - деді Энергетика министрі.

 

 
Көрілді: 1676
Жаңартылған: 12.09.2018 | 10:32
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір