Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ольга Рыпакова құрлықаралық доданың күміс жүлдесіне ие болды

10.09.2018 | 18:07
Ольга Рыпакова құрлықаралық доданың күміс жүлдесіне ие болды

Айта кетейік, бұл додаға Еуропа, Америка, Африка, Азия және Мұхит аралдарының елдері қатысуда. Құрлықаралық кубоктың бағдарламасына 37 сайыс түрі енгізілген. Тағы бір атап өтерлігі, бір сайысқа әрбір құрлықтан екі-ақ спортшы қатыса алады.

Жарыстың алғашқы күнінде жарыс жолына шыққан шығысқазақстандық Ольга Рыпакова 14.26 метрге секіріп, екінші орынға ие болды. Үш қарғып секіруден құрлықаралық кубоктың алтыны Рио Олимпиадасының чемпионы, колумбиялық Катрин Ибаргуэнге бұйырды. Оның көрсеткіші 14,76 метрге тең. Қола жүлдені 14,22 метрге секірген Еуропа құрлығының намысын қорғаған грекиялық Параскеви Папахристу еншіледі.

Жалпы, IAAF-тың құрлықаралық кубогы ең алғаш рет 2010 жылы Сплитте өткізілгенін айтқан жөн. Сол жылы Хорватия жерінде Қазақстан атынан қатысқан Ольга Рыпакова 15.25 метрге секіріп, Азияның рекордын жаңартқан болатын.

 

 
Көрілді: 1752
Жаңартылған: 10.09.2018 | 18:09
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір