Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша екінші орын

09.09.2018 | 17:57
Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша екінші орын

Бүгін ойынның соңғы күні. Көшпенділер ойындарының ұйымдастырушыларының мәліметіне қарағанда, алғашқы орын Қырғызстанның еншісінде. Қырғыздардың қоржынына түскен 100 медальдің 40-ы алтын, 30-ы күміс, 30-ы қола.

Екінші орынды біздің елдің спортшылары еншіледі. Алтын саны бойынша Ресеймен тең түскен жерлестеріміз, күміс медальдің санымен алға шықты. Қазақстан қоржынында 16 алтын, 24 күміс, 29 қола медаль - барлығы 69 медаль бар. Ал алтын медальда Қазақстанмен ауыздық теңестірген ресейліктердің қанжығасында 52 медаль жарқырайды. Оның 16-сы алтын, 11-і күміс, 25-і қола.

Төртінші орында Түркімен бауырларымыз. Олардың қоржынында 10 алтын, 5 күміс, 12 қола - барлығы 27 медаль. Алғашқы бестікті көкпарда Қазақстан құрамасын сан соқтырып кеткен Өзбек ағайындарымыз түйіндеген екен. Ала тақиялы ағайындардың қоржынында 7 алтын, 8 күміс, 18 қола - барлығы 33 медаль бар.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйек аралығында өтті. Жаһандық жарысқа 80-нен астам елдің 3000 жуық спортшысы қатысты. Олар 37 спорт түрінен бақ сынады. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 134 спортшы қорғады.

 

 
Көрілді: 1914
Жаңартылған: 08.09.2018 | 18:01
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір