Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мектепте жұмыс дәптерлерін пайдалану міндеттелмейді

05.09.2018 | 17:45
Мектепте жұмыс дәптерлерін пайдалану міндеттелмейді

Жаңа оқу жылы басталғалы әлеуметтік желілерде мектеп басшылығының ата-аналардан бастауыш сынып оқушыларына оқулыққа қосымша жұмыс дәптерлерін сатып алуын міндеттеуі туралы бірқатар шағым айтылды. Бұл сауалдарға қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмабек Абдолов жауап берді.

"Мектеп басшыларының ата-аналардан қосымша дәптерлерді талап етуі заңсыз. Заң бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шара қолданылады. Өздеріңізге белгілі әр оқулықтың салмағы ауыр, оған қосымша берілетін дәптер де ауыр. Екеуін қосып ұстайтын болса, балаға салмақ түседі. Дәптердің орнына қарапайым жұмыс дәптерін пайдалануға болады",- деді Алмабек Абдолов.

Айта кетейік, қазіргі таңда БҒМ және Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, барлық оқулық, жұмыс дәптері және өзге де оқу құралын санитарлық нормаға сай келтіру жөнінде нақты стандарттар әзірлеп жатыр.

 

 
Көрілді: 1632
Жаңартылған: 08.09.2018 | 17:47
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір