Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Қазақстан" спорт кешенінде өрт шықты

30.08.2018 | 14:51

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 7:15-де «Қазақстан» спорт кешенінде өрт тұтанған.

«Үш қабатты ғимараттың бірінше қабатында жиһаздар жанды. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер және құрбан болғандар жоқ. Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт электр сымдардың тұйықталуынан шыққан. 27 минуттың ішінде жалынды толығымен сөндірдік», - деді комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Комментатор Александр Олейниктің мәліметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат ХАА-ның жазуынап қарағанда, өрт кезінде Атыраудан келген «Бейбарыс» хоккей клубының барлық формасы жанып кеткен. Аталған команда 2 қыркүйекте «Ертіс» хоккей клубына қарсы ойнау үшін келген.

 

 
Көрілді: 1315
Жаңартылған: 03.09.2018 | 14:52
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір