Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Тимур Құлыбаев Джакартадағы Азия ойындарына барды

01.09.2018 | 14:36
Тимур Құлыбаев Джакартадағы Азия ойындарына барды

Құрлық додасының соңғы жарыс күндерінде Индонезия астанасында бірнеше ресми кездесу өтеді. Қазақстан ҰОК басшысы Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен кездеседі.

Сондай-ақ, Т.Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитеттері Қауымдастығының (ANOC) және Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабахпен жолығады.

Еске сала кетейік, Т. Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті саналады. Кездесулер барысында Қазақстан ҰОК пен халықаралық спорттық ұйымдардың әріптестігін нығайту мәселелері қарастырылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан ҰОК басшысы қазақ боксшыларының жартылай финалдық бәсекесін, дзюдодан финалдық жекпе-жектерді және су добынан өткен матчты тамашалады.

Қазіргі сәтте Қазақстан спортшылары жазғы Азия ойындарынан 14 алтын, 16 күміс және 43 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 9-шы орынға көтерілді.

Азия ойындарының жабылу салтанаты 2 қыркүйекке жоспарланған.

 

 

 
Көрілді: 1739
Жаңартылған: 03.09.2018 | 14:39
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір