Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Дәрігерлермен өткен кездесу

30.07.2018 | 19:59
Дәрігерлермен өткен кездесу

Өңірде  барлық ауданда құрылған дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық топ мүшелері елді-мекендер мен мекемелерді аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жұмыс оң нәтижесін беретіні анық. 

АТТ мүшелері Шардара қаласындағы орталық аурухана қызметкерлерімен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде аудан имамы А.Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Байбеков Дастан дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, қызметкерлерге жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы дәстүрлі емес ағымдардың көбейуіне байланысты, кейбір жастарымыздың діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау- арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде айтып берді. Керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсіндірмелер беріп, сұрақ туандаған жағдайда  ҚМДБ-ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды. 

 
Көрілді: 1807
Жаңартылған: 30.07.2018 | 20:00
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір