Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Теңге маусым айында 4% жуық шамада әлсіреді

25.07.2018 | 11:28
Теңге маусым айында 4% жуық шамада әлсіреді

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2018 жылғы маусымда KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі 16,9 млрд АҚШ долларын (бір айда 17,9%-ға ұлғаю), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 3,0 млрд АҚШ долларын (бір айда 3,0%-ға төмендеу), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 13,9 млрд АҚШ долларын (бір айда 23,7%-ға ұлғаю) құрады.

Бір еншілес банктің валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты операцияларының көлемі өткен аймен салыстырғанда 10,5%-ға ұлғайып, 9,0 млрд АҚШ долларын көрсетті. Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың жалпы көлемінен үлесі 65,1%-ды құрады (2018 жылғы мамырда 72,9%).

Айта кетейік, аталған операция ішкі валюта нарығындағы шетелдік валютаға сұраныс немесе ұсыныс көлеміне әсер етпейді.

2018 жылғы маусымда халық нетто-негізде 159,3 млрд теңгеге балама сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі 50,1% немесе 79,9 млрд теңге АҚШ долларын, 36,2% немесе 57,7 млрд. теңге Ресей рублін, 12,9% немесе 20,6 млрд. теңге еуро сатып алуға бағытталды. Өткен аймен салыстырғанда аталған шығыстар 30,8%-ға ұлғайды. Атап айтқанда, АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 2,4 есе ұлғайды, еуро мен Ресей рублін сатып алуға шығыстар тиісінше 21,3%-ға және 6,5%-ға азайды.

 

 
Көрілді: 2143
Жаңартылған: 25.07.2018 | 12:03
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір