Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Алматыда велошеруге қатысушылар Денис Тенді еске алды

22.07.2018 | 11:20
Алматыда велошеруге қатысушылар Денис Тенді еске алды

Ақпараттық-спорттық ХАБ-тың мәліметі бойынша, 650-ден астам қатысушылар арасында бір минуттық тыныштық жарияланып, аспанға шарлар ұшырылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары ҚР тұңғыш президенті саябағында велошеруді бастап, Almaty Arena-да аяқтады. Оның қашықтығы 12 км құрады.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар және велосипедтер ойнатылды. Соның бірі Наталья Сафонова есімді қатысушыға бұйырды.

«Ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік сыйлаған үшін мың алғыс. Керемет маршруттар ойлап табады. Өзім кеше ғана футбодан әлем чемпионатынан келдім. Міне бүгін осындамын. Ресейде көптеген ойындарды тамашалап, керемет әсер алып қайттым. Енді алда өтетін өзіміздін футзал чемпионатын жібермеуге тырысамын. Осымен мен екінші рет велосипедке ие болдым. Өте қуаныштымын. Біріншісін былтыр ұтып, анамнын туған күніне сыйлағанмын, енді мынаны ағама беремін. Сіздерге көп рахмет!» – деп өз ойымен Наталья Сафонова бөлісті.

Айта кету керек, бұл велошеру тамыздың 19-ы мен 26-сі күндері Almaty Arena және Halyk Arena мұз кешендерінде өтетін студенттер арасындағы футзалдан Әлем чемпионатына арналды.

 

 
Көрілді: 1991
Жаңартылған: 25.07.2018 | 11:23
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір