Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Дінсіз тәрбие - тамырсыз көшет

23.07.2018 | 11:08
Дінсіз тәрбие - тамырсыз көшет

Ғылым қанша дамығанымен адами құндылықтарға негізделмесе – одан адамзатқа келетін пайда шамалы болмақ. Оған атом өндірісін мысал ретінде келтіруге болады. Жер шарын жойып жіберетін атом бомбаларын иемденген мемлекеттер бар, сол мемлекеттерде айналаға зияны аз атом электр стансалары да көп.

Діннің дәстүрімізден теріс тартып бара жатқан ағымдарына осындай мысалды келтіруге болады. Адам санасын улайтын экстремистік ұйымдарды сол атом бомбасына ұқсатуға болады. Түркістан облысы аумағында теріс ағымдарға қарсы жұмыс белсенді жүргізіліп келеді. Отырар аудандық орталық кітапханада «Діни экстремизм мен терроризимнің таралау себептері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға «Тәйтелі-ата» мешітінің имамы М. Сұлтанқұлов, жастар ресурстық орталығының директоры Б.Әділхановпен орталық кітапхана, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырғандығын, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырғандығы толыққанды түсіндірілді. Бүгінгі жиынның түйіні -келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керектігі, ибалы адам, иманды жасты бірге тәрбиелеу қажеттілігі болды.

 
Көрілді: 2322
Жаңартылған: 25.07.2018 | 11:09
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір