Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Дәрігерлер дәстүрлі дінді жақтайды

23.07.2018 | 11:05
Дәрігерлер дәстүрлі дінді жақтайды

Еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдардың жасап жатқан әрекеті, жастарды теріс жолға тартып бара жатқаны, ел азаматтарының арасында алауыздық тудыра бастағаны қоғам мүшелерін бейжай қалдырып отырған жоқ. Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КММ-нің қызметкерлеріне «Дәстүрлі емес діни ұйымдардың айлалары» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Калиева және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Д.Баққараев жалпы саны 40 мекеме қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында дінтанушы маман аталған тақырыпта азаматтарға кеңінен түсінік беріп, қойылған сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, ақпараттық кеңістік жылдам дамыған заманда әлеуметтік желі арқылы таралатынтүрлі мәліметтерге сеніп дәстүрлі діни бағытты теріске шығарып, өз ұстанымын өзгертіп, қоғам арасынатүрлі іріткі салушы діни  топтар пайда бола бастағанын және оған қарсы жұмыс жүргізу қажеттігінайтты. Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екенін яғни мемлекет тарапынан белгілі бір дінгеүстемдік берілмейтіні көпшілікке ұқтырып өтті.
Сондай ақ, радикалды діни топтар діни білімі саяз азаматтарға Ислам дінін бұрмалап салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды жоққа шығару арқылы өз қатарларына тартып отырғандығын да жасырмады және ата-бабамыз ұстанған сара жолы дәстүрлі Исламның артықшылығын дәйекті дәлелдермен көптеген мысалдарарқылы жеткізді. Бұдан бөлек, елімізде көптеген теріс пиғылды діни ағымдар мен ұйымдардың сотшешімімен жабылғандығы және оған қатысы бар деген күдікпен қаралған азаматтардың заң алдында қатаңжауапкершілікке тартылатындығы да түсіндіріліп өтті.

 
Көрілді: 2130
Жаңартылған: 25.07.2018 | 11:06
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір