Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шығыс Қазақстанда ҰБТ қорытындысы шықты

04.07.2018 | 16:39
Шығыс Қазақстанда ҰБТ қорытындысы шықты

Биыл 781 оқушы шектік ұпайды жинай алмаған. Солай екен деп мүлде күдер үзіп кетуге болмайды, өйткені оларға екінші мүмкіндік беріледі. Тамыздың 19-24-і күндері оларға қайтадан бақ сынап көрулеріне болады.

Жалпы биыл облыс көлемінде 9740 оқушы мектеп бітірген екен. Соның 70,5%-ы бірыңғай тестілеуге қатысқан. Аудандар арасында абайлықтар көш бастап тұр. Олар жинаған ұпайдың орта есебі – 104,6 балл. Содан кейін Аягөз ауданы (94,2 балл), Күршім ауданы (92,9 балл) және Зайсан ауданы (92,4 балл) орын тепкен. Ал өскемендіктер 87,4 балл жинапты. Облыс бойынша ортақ есеп – 83,8 ұпайды көрсетіп тұр.

Ең қызығын айтайық, өңірде ең көп ұпай алған төрт оқушы бар екен. Төртеуінің де ұпай саны 137-ден. Олар: аягөздік С.Тұрсынғалиев пен М. Ахметжан, абайлық Е. Серғалиев және облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының оқушысы Т. Катиева.

 

 
Көрілді: 1673
Жаңартылған: 04.07.2018 | 16:41
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір