Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Президент бірқатар заңға қол қойды

30.06.2018 | 18:18
Президент бірқатар заңға қол қойды

"Мемлекет басшысы заңнаманы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды" - делінген хабарламада.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, Президент мұнан бөлек ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауын өзгерту туралы заңға қол қойған болатын.

 

 
Көрілді: 1440
Жаңартылған: 02.07.2018 | 18:23
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір