Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мақтааралда 187 түлек 120 балдан жоғары жинады

29.06.2018 | 12:40
Мақтааралда 187 түлек 120 балдан жоғары жинады

Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,3 балға жоғары. 518 түлек 100 және одан жоғары бал жинаса, "Дарын" мектеп интернатының оқушысы Мейірбек Қазыбек 138 балмен көш бастады. Ал аудандағы үздік білім ұясы саналатын Б. Момышұлы мектеп-гимназиясының түлектері орташа 119,8 бал көрсеткішімен облыста да үздіктер қатарынан көрініп отыр.

Айта кетейік, биыл Мақтаарал ауданында 4524 түлек мектеп бітірсе, соның 2807-і Ұлттық біріңғай тест тапсыруға өтініш берген болатын. Алайда 36 оқушы өз өтінішін қайта алып, тест тапсырудан бас тартқан. Нәтижесінде маусым айының 20-26 күндері аралығында 4 лекпен өткен тест науқанына 2771 оқушы қатысты.

Былтыр ауданда 189 "Алтын белгі" иегері шықса, биыл 211 оқушы "Алтын белгі" иегері атанған. 2017 жылы 84 оқушы 120 және одан жоғары балл жинаса, биыл 187 оқушы 120 балдан жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Сондай-ақ, 328 түлек 100-119 балл, 1424 оқушы 60-99 балл, 426 үміткер 50-59 балл аралығында нәтиже көрсетті.

 

 
Көрілді: 1386
Жаңартылған: 29.06.2018 | 12:42
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір