Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мемлекеттік қызметші - сыбайлас жемқорлықпен күрестегі ең басты сарбаз

13.06.2018 | 18:05
Мемлекеттік қызметші - сыбайлас жемқорлықпен күрестегі ең басты сарбаз

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында мемлекеттік қызметші – мемлекет айнасы екендігін, олар заңның үстемдігін қамтамасыз етуде зор рөл атқаратынын, заңның үстемдігі болған жерде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем жол берілмейтіні жөнінде айтқан еді. Сондықтан да, өз қызметін адал атқаратын мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдауда зор жауапкершілік танытқан жөн.
Елбасы Жолдауына орай, 23-маусым - мемлекеттік қызметші күніне орай және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мемлекеттік қызметтегі салалық мәселелерді жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін көтеру бойынша мемлекеттік орган басшылары өз қызметшілеріне жеке қабылдау өткізіп, заңнама аясында тиімді шешімдер қабылдануын қамтамасыз ету" жоспарланған. 
Осыған орай, жақында ОҚО, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі әкімі Серік Сахиұлы аппараттағы мемлекеттік қызметшілерге жеке қабылдауы өткізді. Жеке қабылдауда алдағы 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесімен құттықтап, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатын қолдау, мемлекеттік қызметшіге лайықты Әдеп нормаларын сақтау, қызметтегі салалық мәселелерді жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік, материалдық жағдайлары талқыланды. Қабылдауда мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықпен күресте белсенділік танытуы керектігі түсіндірілді. Әрбір азамат өз елінің гүлденуіне жауапкершілік танытқанда ғана алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан ойып тұрып орын алуға болатыны айтылды. 

 
Көрілді: 622
Жаңартылған: 14.06.2018 | 18:07
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір