Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған семинар өткізілді

13.06.2018 | 17:58
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған семинар өткізілді

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында мемлекетті цифрландыру арқылы қаржы көздерін бақылауды, бақылау арқылы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойылатыны жөнінде нақты міндеттерді жүктеген болатын.
Осыған орай, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданды. 
Жақында Шардара ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің мемлекеттік қызметтерді электрондық үкіметтің веб-порталы «egov.kz» арқылы көрсету, «Open gov», «Е-коммерция» , «Даму мед» бағдарламалары туралы семинар-кеңес өткізілді. Аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету монитоингі бөлімінің басшысы Ермек Бердібековтің төрағалығымен өткен жиында «Электрондық үкіметтің веб-порталы «egov.kz» арқылы қызмет көрсету» тақырыбында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы А.Есенов, «Open gov» мемлекеттік бағдарламасы туралы» «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның электронды құжат айналымы жүйесі бөлімінің бас маманы Ерқұлан Бармағанбетов, «Е-коммерция» бағдарламасы туралы» «Қазпошта» АҚ-ының аудандық филиалының бас маманы М.Керімбай хабарлама жасап, жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы түсіндірме жұмыстарында сыбайлас жемқорлықтың залалы жөнінде айтылып, оның алдын-алуда сандық технология зор рөл ойнайтыны айтылды. 
Жиынға шақырылған қала, ауыл әкімі аппараттарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандары, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Ғ.Сәрсенбаева, аудандық білім бөлімінің жауапты маманы және аудандағы білім беру мекемелерінің иформатика пәнінің мұғалімдері семинар-кеңесте жасалған хабарламалар бойынша сауалдар қойып, оған тиісті жауаптар алысты.

 
Көрілді: 406
Жаңартылған: 14.06.2018 | 18:00
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір