Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Ислам дінім тірегім"

13.06.2018 | 17:44

Мұсылмандарда айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы аяқталар тұста Сарыағаш ауданы  Дарбаза ауылдық округі, Боскен мешітінде "Ислам дінім тірегім" атты жастар арасында Құран оқудан жарыс болып өтті.  Оған өңірдегі құран сүрелерін жатқа айтатын және нақышын келтіріп, әуезді оқитын жастар қатысты. Жарысқа Боскен мешітінің бас имамы Т.Бостанов, Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері М.Шынтаев, Н.Қыдырбаев, ауыл ақсақалы Н.Балабеков, Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің теолог маманы Б.Асатуллаев, Дарбаза ауылдық округінің жастар инспекторы О.Кузеров жене ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Дәстүрлі дін жамағаттың өзінің ана тілі мен тарихын, отанын сүюге шақырып, ұлттың дәстүрін дамытуға шақырады. Бұл, діни экстремизм мен терроризмге жол бермейтін бағыт, ұстаным.  Дәстүрлі дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.

Құран оқудан жүлделі орын алғандарға ынталандыру алғыс хаттары мен сыйлықтар табысталды.

 
Көрілді: 231
Жаңартылған: 14.06.2018 | 17:46
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір