Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Антитеррор – 2018 оқу-жаттығу жиыны өтті

13.06.2018 | 17:42
Антитеррор – 2018 оқу-жаттығу жиыны өтті

Діни негіздегі экстремизм - бұл діндегі ең дарақы көзқарастар мен іс-әрекеттерге бару деген сөз. Мұндай экстремизмнің негізін зорлау, дабырашылдықпен ұштасатын ең төмен сатыдағы мейірімсіздік пен агрессия құрайды. Ал, бұның арты жақсылыққа апармайтыны белгілі.
ХХІ-ғасырдың басында ол ұлттық қауіпсіздікке, сондай-ақ мемлекеттің тұтастығына қауіп төндірумен қатар, жалпы әлемдік проблемаға айналды. Елімізде діни экстремизммен терроризмге тосқауыл қою жағдайына үлкен көңіл бөлінуде. 
Отырар аудандық терроризмге қарсы жедел күрес штабының ұйымдастыруымен «Отырар-Антитеррор-2018» шұғыл тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.
Шара барысында аудандық терроризмге қарсы жедел күрес жөніндегі штабының шұғыл жағдайларға дайындығы тексерілді. Оқу-жаттығу жиынында жедел штаб өкілдері террорлық әрекеттерге қарсы жұмыс жүргізу тәжірибелерін шыңдап, төтенше жағдай орын алған кезде қиындықтардан шыға білудің амалдарын қарастырды.
Жиын соңында аудандық терроризмге қарсы жедел күрес штабы өкілдерінің тактикалық оқу-жаттығу жиынындағы дайындықтарына облыстан келген мамандар жоғары баға берді.

 
Көрілді: 259
Жаңартылған: 14.06.2018 | 17:44
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір