Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Уран өндірушілерне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңы түсіндірілді

13.06.2018 | 17:30
Уран өндірушілерне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңы түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар сы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова Созақ ауданында орналасқан «Инкай» БК» ЖШС ұжымымен кездесті. Дөңгелек үстел түрінде өткен кездесуде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының негізгі ережелері түсіндірілді.
Іс-шарада сөз сөйлеген Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін тоғызыншы міндет етіп тапсырғандығын атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Департамент тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Айта кетейік, «Инкай» БК» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1996 жылдың  21 наурызында тіркелген. Серіктестіктің қатысушылары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы  (Қазақстан) және «Камеко» корпорациясы (Канада)  болып табылады.
Серіктестіктің негізгі қызметі барлау, игеру, шығару, қайта өңдеу, Инкай кен орнынан шығарылған уранды экспорттау және сату болып табылады.

 
Көрілді: 341
Жаңартылған: 14.06.2018 | 17:32
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір