Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

13.06.2018 | 17:28
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтқан болатын. Сондықтан жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Сонда ғана мемлекетте экономикалық тұрақты өсім болады. 
Сайрам ауданында өтіп жатқан "Адал жол" марафон-эстафетасы белсенді жастардың қатысуымен өткен флешмобымен жалғасын тапты. 
Ақсу ауылдық округінде орналасқан нөмірі Абылай хан атындағы №93 жалпы орта мектебінің жастары «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Сыбайлас жемқорлық баршамыздың міндетіміз» атты үндеулер жазылған плакаттар алып шығып, флешмоб биледі.  
Естеріңізге сала кетейік аталған шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы бекіткен жоспар-кестесіне сəйкес өткізілуде. 

 
Көрілді: 315
Жаңартылған: 14.06.2018 | 17:30
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір