Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ЖШС ұжымына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

13.06.2018 | 17:27
ЖШС ұжымына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Президент халыққа биылғы  жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті. Және Жолдауда сыбайлас жемқорлықпен күресте ешқандай аяушылық болмау керектігі нақты айтылған болатын. 
Осыны басшылыққа алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлері «Аппак» ЖШС-нің ұжымымен кездесті. Компания уран өндіру өнеркәсібімен айналысатын алғашқы біріккен қазақстан-жапон кәсіпорны. Ол «Мыңқұдық»  кен орнының «Батыс» учаскесін қазу мақсатында 2005 жылы құрылды.

Кездесу барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдардың негізгі ережелері түсіндірілді.
Іс-шарада сөз алған Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарымен, жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда қайда хабарласу қажеттігімен таныстырып өтті.
Сонымен қатар, Жазира Салханқызы Агенттік тарапынан қолға алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жаңа жобаларды атап өтті.
Сондай-ақ, Департаменттің бас маманы Г.Мұсабекова мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына, Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, қызмет алушы мен қызмет берушілерді тікелей байланысқа түспеу мақсатында қызметтерді тек ХҚКО мен egov.kz порталы арқылы алу жолдарын түсіндірді.

 
Көрілді: 392
Жаңартылған: 14.06.2018 | 17:28
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір