Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Адасқандар" фильмін тамашалады

13.06.2018 | 17:23

Кейінгі кезде қоғамда исламды жамылып пайда болған теріс ағымдардың көбеюі өзекті мәселеге айналды. Дәстүрлі дінімізде ата-дәстүрімізбен ұштасып жатқан адамгершілік құндылықтардың маңызы үлкен. Асыл дініміз – білімге, ақылға, жақсы ниетке имандылыққа баулитын қадір-қасиетке ие. Жарқын елдің болашағы – жігерлі жастардың қолында.
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында қала жастарына «Адасқандар» бейнеролигі көрсетілді. Бейнероликте ислам дініне жат кереағар деструктивті діннің ағымына түскен жастардың өкініштері айтылып, жастарды түрлі ағымдардан сақ болуға шақырған. Бұл фильмнің көрермендерге берген тәлім-тәрбиелік мәні зор болды. Фильмді тамашалаған көрермендер діни жағынан көптеген мағлұматтар алды.
Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық. 

 
Көрілді: 268
Жаңартылған: 14.06.2018 | 17:25
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір