Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!

13.06.2018 | 17:20
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы  Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Қазығұрт ауданы, Рабат ауылдық мәдениет үйінде өткен «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!» атты дөңгелек үстел де жемқорлықтың қоғам үшін қауіптілігі жан жақты айтылды. Сыбайластық жемқорлыққа үйір болғандар ауыр жазаланатынын жеткізген сала мамандары,  жасөспірімдерге әрдайым адал болу керектігін түсіндірді.
Жемқорлықтың жолын кесу бағытында елімізде көптеген жұмыстардың атқарылып жатқандығын жеткізген мамандар, көпшілікті сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға шақырды.

 
Көрілді: 348
Жаңартылған: 14.06.2018 | 17:22
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір