Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Дін және қазіргі заман

12.06.2018 | 17:29
Дін және қазіргі заман

Монтайтас ауылдық округі «Монтайтас» мешітінде ауыл жастары арасында «Дін және қазіргі заман» тақырыбында кездесу өтті. 
Жиынның мақсаты жастардың ислам дініндегі құндылықтар туралы мәліметтер алуға, өзінің ана тілі мен тарихын, отанын сүюге шақырып, діннің діңгегі – дәстүрімен беріктігін насихаттау болып табылады. 
Жастардың дін туралы түсінігінің дұрыс бағытта қалыптасуы – олардың жақсы азамат болып өсуіне тікелей ықпал ететін жағдай. Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.
«Теріс пиғылды жат ағымдардың зардабы», «Исламдағы Әбу Ханифа мәзһабының орны» деген тақырыпта жан-жақты әңгіме қозғалды.Мешіт имамы жастарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.  Сондай-ақ, теріс пиғылды жат ағымдардың жетегінде кетпеу үшін дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану керектігін сөз етті. Исламдағы Әбу Ханифа мәзһабының орнын жан-жақты талдап көрсетті.
Ислам дініңдегі теріс діни ағымдардан сақтану жолдары, ағымды ұстанушылардың мінез- құлығы, ұстанған қағидалары туралы жастарға жан-жақты түсіндірді. 

 
Көрілді: 279
Жаңартылған: 12.06.2018 | 17:30
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір