Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Телеарна арқылы да түсіндіру жұмыстары жүргізілді

12.06.2018 | 17:15
Телеарна арқылы да түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Шілманов Айбек Ақбергенұлы «Ontustik» телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында тікелей эфирде сұқбат берді. Бұл қоғам үшін қауіпті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жасалып жатқан жұмыстың бір парасы. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да сыбайлас жемқорлықпен күрес басты назарда екенін айтқан болатын. 
«Ашық алаңда» өңірде сыбайлас жемқорлықпен жүргізіліп жатқан күрес жолдары айтылды. Соңғы уақытта қоғамның алға даму жолына бөгет болатын сыбайластықтың алқымынан алатын, оны тежейтін заң тұрғысындағы құжаттар қабылданды. Оның жақсы жұмыс істеп жатқанын жыл бойындағы атқарылған істердің нәтижесі мен сыбайластықтың ауыздықтала бастағаны айғақтайды. Дегенмен, оны түбірімен құртуға әлі де көп жұмыстың істиелуі керек екені айтылды. Ол үшін қоғамның белсенді мүшелері қылмысқа төзбеушілік сезімін өздерінде тәрбиелеуі керек. Оған айналасындағы адамдарды тарту арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа тұсау салуға болады. Сұқбат кезінде алдағы атқарылатын шаралар да әңгіме болды.

 
Көрілді: 453
Жаңартылған: 12.06.2018 | 17:18
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір