Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жемқорлыққа қарсы күрес бар салада жүргізіледі

12.06.2018 | 17:14
Жемқорлыққа қарсы күрес бар салада жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі №4 өрт сөндіру бөлімімен бірлесе дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған әрбір жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күреске айрықша тоқталып өтеді. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында да бұл мәселеге айрықша назар аударды.  Жолдау жүктеген 10 міндеттің тоғызыншысы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталып отыр. 
Сондықтан, кездесу кезінде Елбасының “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы міндетін жүзеге асырылу барысы жан-жақты талқыланды. Шараның мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шараға Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова, Қаратау аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Турдалин және мекеменің жеке құрамы қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

 
Көрілді: 400
Жаңартылған: 12.06.2018 | 17:15
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір