Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Сыбайлас жемқорлық ең өзекті мәселе

11.06.2018 | 16:22
Сыбайлас жемқорлық ең өзекті мәселе

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында. Елбасымыз жыл сайын Қазақстан халқына жолдайтын дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», - деген болатын. 
Призидент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті. Және Жолдауда сыбайлас жемқорлықпен күресте ешқандай аяушылық болмау керектігі нақты айтылған болатын. 
Елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, алдын алу бағытында елеулі қадамдар жасалып келеді. 
Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Рабат ауылында «Сыбайлас жемқорлық ең өзекті мәселе» атты тақырыптық жиын болып өтті. Жас ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер әсерін түсіндіру, оны болдырмау жолдары мен күрес жүргізу, тәртіп заңдарын білуге баулу мақсатында өткен шарада мамандар жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатындағы кеңестерімен бөлісті. Олар бұл жиыннан өмірлеріне азық болар көптеген сабақ алып, жадыларына түйді.

 
Көрілді: 436
Жаңартылған: 11.06.2018 | 16:23
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір