Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ іс

11.06.2018 | 16:18
Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ іс

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған басымдықтарды белгілеп берді.
Президенттің жолдауында көрсетілген басым бағыттар еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды, соның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.
 Қазығұот аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына сай Қ.Өмірәлиев атындағы орталық кітапханада "Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ іс" атты ой-бөлісу кеші болып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұғымын түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік беру, көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу, қабілеттерін дамыту мақсатында өткен іс-шарада кітапхана оқырмандары жан жақты пікір алмасты.
Өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы жегі құрт саналатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын талқылады.
 

 
Көрілді: 396
Жаңартылған: 11.06.2018 | 16:21
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір