Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы Тұрбат ауыл округі тұрғындарына түсіндірілді

11.06.2018 | 16:13
Діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы Тұрбат ауыл округі тұрғындарына түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында ең маңызды міндеттердің бірі ретінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен байқалуына қарсы іс-әрекеттер қолдану қажеттілігі  айтылды.
Терроризм мен экстремизнің алдын алу мақсатында бүгінде елімізде көптеген ірі жобаларды іске асырып, жан-жақты ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, діни сауаттылығын арттыру жолында дін тақырыбына қатысты конференциялар мен кездесулер ұйымдастырылуда. 
Жуырда Қазығұрт аудандық ішікі саясат бөлімі және Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының ұйымдастыруымен Тұрбат ауыл округі тұрғындары арасында "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" және "Отбасы құндылықтарын сақтау" тақырыптары бойынша кездесу болып өтті.
Онда сала мамандары діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға алып келер зардаптарын түсіндіріп, көпшілікті керағар діни ағымдардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, көпшілікке отбасы құндылықтарын сақтау керектігін жеткізді.

 
Көрілді: 503
Жаңартылған: 11.06.2018 | 16:18
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір