Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Адал жол» марафоны өтті

08.06.2018 | 20:43
«Адал жол» марафоны өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі тапсырмасы қазір жоғарғы дәрежеде жүріп жатыр. Біздің жас мемлекетіміз үшін сыбайлас жемқлорлыққа қарсы тиімді күрес  елдің келешектегі өркениетті, тұрақты және жемісті дамуына әсерін тигізетін аса маңызды фактор болып табылады. Елбасының сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша қатал да бір ізді ұстанымы осы жағдайға негізделген.      
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы бекітіліп, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру көзделген. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны аясында Түлкібас ауданында жастар арасында «Толағай» эстафета ойыны өткізілді.
Эстафетаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек қатысып, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, әрдайым адал жолмен жүруге шақырды.
Эстафетаға қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар арнайы сыйлықтармен  марапатталды.

 
Көрілді: 748
Жаңартылған: 08.06.2018 | 20:45
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір