Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Діни экстремизм мен терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

08.06.2018 | 20:38
Діни экстремизм мен терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Елбасы ел халқына жолдаған  Жолдауында, «Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек..» деген еді. 
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін елімізде діни экстремизм және терроризм профилактикасы шараларын жетілдірумен, аталған көріністерді анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттырумен, сондай-ақ экстремистік және террористік әрекеттердің салдарларын азайту және жою шаралары жүйесін жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде  жүргізілуде. 
Жуырда Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында діни экстремизм мен терроризмнің зардаптарын түсіндіру мақсатында арнай ыпарақшалар таратылды. Яғни, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары халық көп шоғырланған орындарда арнайы дайындалған 100 дана парақшалар таратып, аудан халқын бейбітшілік пен тұрақтылыққа шақырды.
Керағар діни ағымдардан бойларын аулақ ұстауға шақырды және олардан келер зардаптарды айтып өтті. Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп екендігін түсіндірді.
 

 
Көрілді: 512
Жаңартылған: 08.06.2018 | 20:40
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір