Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы

08.06.2018 | 20:37
Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев, «Дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз керек» деп атап өткен болатын.
Бүгінде терроризмге қарсы  әлемнің бірнеше мемлекеті мен халықаралық ұйымдар күресуде. Бұл, өз кезегінде, дендеп еніп бара жатқан терроризмнің алдын алуға, жол бермеуге  апаратын бірден-бір жол болып табылады.
Бәйдібек ауданында "Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы" атты тақырыпта акция болып өтті. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған акцияға №19 колледж жастарының қатысты. 
Акцияда жастардың ислам туралы білім алу құштарлықтарын өз пайдаларына жұмсау арқылы деструктивті элементті мүдделерін ұтымды пайдаланатын терроризмен мен экстремизмінің зардаптары жайлы бірақатар мағұлматтар жасалды. 
Жастар көпшілікті дәстүріміздегі салт-санамызды ұмытпай, өсіп өнген жеріміздің қадір қасиетін терең ұғынып, сауатты білім алып, әркез тек белсенділікпен жұмыс жасауға шақырды. 
Шара соңы патриоттық бағытта дайындалған флешмобқа ұласты.

 
Көрілді: 768
Жаңартылған: 08.06.2018 | 20:38
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір