Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Адал жол» автокеруен қатысушылары ауыл тұрғындарын қабылдады

08.06.2018 | 20:15
«Адал жол» автокеруен қатысушылары ауыл тұрғындарын қабылдады

Елбасы ел халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында «Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет» - деп атап өтті. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтып өткен болатын.

Елбасы жолдауындағы басым бағытарды жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы А.Шпекбаевпен бекіткен 2018 жылға арналған «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді» жоспары мен Сайрам ауданы әкімі Б.Мамаев бекіткен «Парасыз- болашаққа бірге» іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округі әкімшілігінде «Адал жол» автокеруен қатысушылары ауыл тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді.

Іс-шараға сала мамандары тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында біршама кеңестер берді. 
Ауыл тұрғындары тарапынан "сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" бойынша атқарылатын жұмыстарға ұсыныстар айтылды.

 
Көрілді: 607
Жаңартылған: 08.06.2018 | 20:19
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір