Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қызметтерді электронды түрде алу сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтады

07.06.2018 | 20:12
Қызметтерді электронды түрде алу сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтады

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылды. Яғни, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселесін қызмет алушы мен қызмет берушілерді тікелей байланысқа түспеу мақсатында қызметтерді тек ХҚКО мен egov.kz порталы арқылы алу жолдары жүйелі түрде іске асып келеді.
Мақтарал ауданында мемлекеттік қызметтерді мерзімінде алуға, қағазбастылықтан арылтуға, қызмет көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруға, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептер мен тәуекелдерді төмендету мақсатында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау бойынша жәрмеңке өтті. 
Онда аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауына сәйкес, Мақтарал ауданында цифрландыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқада көрсету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, бүгінгі жәрмеңке арқылы аудан тұрғындарына үйден шықпай-ақ электронды түрде мемлекеттік қызмет алудың жолдары көрсетілетінін айтты.
Жәрмеңкеге қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың жолдары көрсетілген үгіт-насихаттық парақтар таратылды. 

 
Көрілді: 477
Жаңартылған: 08.06.2018 | 20:14
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір