Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Деструктивті діни ағымның алдын алған абзал

07.06.2018 | 20:10
Деструктивті діни ағымның алдын алған абзал

Қай заманда болмасын, дін өз өзектілігін жоғалтпаған тақырыптар қатарында болған. Діни ахуалы тұрақты мемлекетте бейбітшілік, достық, бірлік орнайтыны, ол ұзаққа созылатыны белгілі. Әйтпесе, бүгінде діни терроризм, діни экстремизм сынды салдары ауыр теріс іс-әрекетер көбейіп кеткені жасырын емес. Сондықтан да діни ахуалды тұрақты ұстап тұру үшін нақты жоспармен еңбек еткен абзал. 
Иә, ел ішінде діни алауыздықты тудыратын деструктивті ағымдар - қоғам дерті.  Оларға ергендердің отбасылар ойран, тағдырлар талқан болуда. Қоғамды керағар діни ағымдардан сақтандыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында «Деструктивті діни ағымның алдын алу» мақсатында жиын өтті.  ҚТЖ ҰК АҚ Шымкент магистралдық желі бөлімшесі Арыс-1 вокзал қызметкерлерімен кездескен орталық мешіттің найб имамы Пердебек Исбасханов деструктивті діни ағымдардың зиянын жан-жақты түсіндірді. Көптеген тың деректер келтірді. 
Жиынға қатысушылар дін маманына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. 

 
Көрілді: 492
Жаңартылған: 08.06.2018 | 20:11
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір