Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Назарбаев Шымкентті миллион тұрғыны бар мегаполис деп жариялады

17.05.2018 | 13:24
Назарбаев Шымкентті миллион тұрғыны бар мегаполис деп жариялады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Global Challenges Summit 2018 форумының жалпы отырысында қазақстандық қалалардың дамуы туралы айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Урбанизация қарқыны мен түрі өзгерді. БҰҰ бағалауынша ғасырдың ортасында қалаларда тұратын адамдардың саны жеті миллиардқа жетеді. Бұған қоса, ірі агломерацияларда халықтың гипершоғырлануы жалғасады. Инвестиция үшін күресетін ең жақсы ақыл-ойлар, технологиялар және оған барлық қажетті жағдайларды жасайтын мегаполистер дәуірі туады. Бұл білім мен экономика идеясы үшін маңызды»,- деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын іске асыра бастады.

«Бізде бұрын миллиондаған халқы бар бір ғана қала болатын. Ол Алматы. Ал қазір оның қатарына Астана мен Шымкент қосылды. Енді еліміздің үш қаласында халық миллионға жетті. Бұл процесс жалғасатын болады. Сондықтан да Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында 5 шілде күні Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің ірі қалаларының форумын өткізу тосыннан қолға алынып отырған жоқ»,- деді Мемлекет басшысы.

2

 
Көрілді: 585
Жаңартылған: 17.05.2018 | 13:30
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір