Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкент пен Тараз қалаларында жер сілкінісі болды

10.05.2018 | 10:10
Шымкент пен Тараз қалаларында жер сілкінісі болды

Шымкент пен Тараз қалаларында қуаты 2-3 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан мен Тәжікстан мемлекеттерінің аймағында жатқан, деп хабарлайды ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап Stan.kz.

Шымкент және Тараз қалаларында жер сілкінісі 16 сағат 41 минут 50 секундта болған. Сілкініс ошағы Алматыдан оңүстік-батысқа қарай 764 шақырым қашықтықта Ауғанстан мен Тәжікстан мемлекеттерінің аймағында жатқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.5, ал  магнитудасы 6.8. MPV болады. Тереңдігі 30 шақырымды құраған. Шымкент және Тараз қалаларының тұрғындары қуаты 2 балл болатын жер сілкінісін сезген», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі Шымкент пен Тараз қалаларында жер сілкінісінен болған қирандылар туралы мәлімет түспегенін мәлімдеді.

«Шымкент пен Таразда қирандылар болғаны туралы мәлімет жоқ. Жағдай жіті бақылауға алынған», – деп мәлімдеді ТЖК.

023

 
Көрілді: 719
Жаңартылған: 10.05.2018 | 10:14
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір