Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Туфлиімен лай кешкен әкім (фото, видео)

04.05.2018 | 09:55
Туфлиімен лай кешкен әкім (фото, видео)

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев кеше Қошқар ата өзенінің бойымен "Шымкент плаза" ойын-сауық орталығына дейінгі бірнеше шақырым жерді жаяу аралап, өзен бойындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.

Қазір өзен жағалауының екі бетінен 10 метр жерді құрайтын аймақ абаттандырылуда. Облыс әкімі ретке келтіріліп жатқан аймақтың лай-батпақ, шаңына қарамастан әрбір сайына түсіп, ондағы тұрғындармен тілдесті. Оларға өзен бойында көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, көпшілік пайдаланатын орындар мен жол құрылысын салу үшін бірқатар учаскілер мен құрылыс нысандары мемлекет қажеттілігіне қайтарылуы тиіс екенін түсіндірді. Сондай-ақ тұрғындарға өтемақы төленетінін де жеткізді.   Айта кетейік, жалпы алғанда "Қошқар ата" жобасы аясында жүргізілетін құрылыс жұмыстарына шамамен 1 223,0 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалады деп жоспарлануда.

002

004006   

 

 
Көрілді: 589
Жаңартылған: 04.05.2018 | 10:40
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір