Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жансейіт Түймебаев өзен-көлдердің жағасына әжетхана салуды тоқтату керектігін айтты (видео)

04.05.2018 | 02:04
Жансейіт Түймебаев өзен-көлдердің жағасына әжетхана салуды тоқтату керектігін айтты (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің жағалауын қала басшысы және жауапты мамандармен бірге аралап шықты деп хабарлайды oinet.kz тілшісі. Бүгінде өзеннің жағалауын абаттандыру ісі қолға алынған. Облыс басшысы Қошқар ата өзенінің қатты ластанғанын және оған тұрғындардың өздері кінәлі екенін айтты. "Адамдар әжетханаларын тура өзен-көлдердің жағасына салып алады. Нәтижесінде су ластанып, жағымсыз иіс айналаға тарайды. Бұл қандай әдет екенін түсінбедім. Тұрғындарға тазалықтың мәдениетін түсіндіруіміз қажет. Тұрып жатқан жерімізді өзіміз осылай ластаймыз",- деді ол. 

  Айта кетейік, жобаның бірінші кезеңінде өзен жағалауының екі бетінен 10 метр жерді құрайтын аймақ абаттандырылмақ. Яғни 1200 метр жер халық қыдыратын демалыс орнына айналады.

 
Көрілді: 661
Жаңартылған: 04.05.2018 | 02:25
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір