Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкенттің тойлары Елбасының сынына неге ілікті?

03.05.2018 | 12:47
Шымкенттің тойлары Елбасының сынына неге ілікті?

«Шымкент қаншама тойхананы салып тастады. Қазір де салынып жатыр. Далада 200-500 адамға дастархан жайып тастайды да, табақты атпен әкеліп таратады. Одан да бұл ақшаны жастарға берейік, баспана алсын. Олар үшін ең үлкен сыйлық болады, -деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясында.

Президент Шымкенттегі той-томалақтың өте көп екендігін былтыр өңірге жасаған сапары кезінде де тілге тиек еткен болатын. Облыс орталығында тойханалардың күннен күнге көбейіп бара жатқаны да жасырын емес. Қара халықты былай қойғанда соңғы кездері жергілікті атқарушы билік те той тойлауға құмар болып бара жатқан сияқты. Аудандардың мерейтойын атап өтуге Президент баяғыда тыйым салған сияқты еді, алайда кейбір аудандар күзге қарай той тойлаймыз деп білектерін сыбанып отыр.  Елбасының сөзінен кейін той-тойлауға, тойханаларға қарсы майдан жариялайтын шығармыз.

Осы жиында Елбасы ойланарлық біраз мысалдарды алға тартты:

-БҰҰ мәліметіне сәйкес, Жер шарындағы халықтың 14 пайызы ашаршылық жағдайда отыр.Әлемде күн сайын 24 мың адам аштықтан көз жұмады. Осы жәйтке бір сәт мән беріңіздер.

Жұмыссыздар саны 190 миллион адамнан асты. Бұл Ұлыбритания, Франция, Италия сияқты ірі елдердің халқын қоса алғандағы тұрғындар санына пара-пар.Әлемдегі жұмыссыздық деңгейі, әсіресе, жастар арасында жоғары – 13 пайыз.

Экономикалық санкциялар, протекционизм, терроризм, экстремизм, жекелеген мемлекеттердегі тұрақсыздық, егемен елдерге бағытталған қарулы шабуылдар халықаралық құқықты бұзып, жер бетіндегі барша жұрттың ертеңгі күнге деген сенімсіздігін қалыптастырып отыр.Сондай-ақ, бұл жағдай кедейшілік пен жұмыссыздық проблемасын ушықтырады.Соның нәтижесінде онсыз да әлсіз елдердің экономикалық тұрғыдан дамуы төмендейді.Елдер арасындағы теңсіздік одан әрі тереңдей түседі.Әлеуметтік теңсіздіктің күшеюі экстремизмді тудырып, радикалды революциялар қаупінің артуына әкеледі,-деді Президент.

08

 
Көрілді: 1152
Жаңартылған: 03.05.2018 | 13:39
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір